Загружается, ждите...
Авторландыру


Өтінімді қалдыру


ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

Добавлено: 29 Апреля 2011

Добавлено: 29 Апреля 2011



1«Вагонсервис» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 06 ақпандағы №145 өкімімен бекітілген темір жол көлігінде қайта құрылу бағдарламасына сәйкес, «Жолаушылар тасымалы» ашық акционерлік қоғамының 2004 жылғы 11 ақпандағы №58–ЦЛ бұйрығымен құрылған.

Қоғам 100% акцияларының ұстаушысы «Жолаушылар тасымалы» АҚ болып табылады.

Қоғамның негізгі мақсаты мен қызмет түрлері:

Қоғамның негізгі мақсаты - табыс түсіру.

Алдына қойылған мақсаттарға жету үшін Қоғам келесі қызмет түрлерін атқарады:

  • ТҚК-1 көлемінде техникалық қызмет көрсету – әрбір рейске жүру алдында қалыптастыру, айналым беккетерінде және жол жүру кезінде вагондарға техникалық қызмет көрсету;
  • ТҚК-2 көлемінде техникалық қызмет көрсету – жазғы және қысқы тасымалдаудың алдында вагондарға техникалық қызмет көрсету;
  • ТҚК-3 көлемінде техникалық қызмет көрсету – жоспарлы түрдегі жөндеуден, құру немесе соңғы тексеруден кейін кем дегенде 6 айдан соң өткізілетін бірыңғай техникалық тексеру;
  • Ағымдағы ағытып жөндеу – қос доңғалақтарды, автотіркеуіштерді және басқа тораптарды қажеттілігіне қарай ауыстыру жүргізілетін (вагондарды құрамнан ағытуымен) жөндеу;
  • Вагондарды деполық жөндеу (ДЖ);
  • Вагондарды ауыр, дизелді отынмен және сумен жабдықтау;
  • Биотуалеттерді ассенизаторлық тазалау.

Қоғамның негізгі тапсырыс берушілері

  • «Жолаушылар тасымалы» АҚ
  • «Лизингтік жолаушылар вагон компаниясы» АҚ
  • «Қала маңындағы тасымалы» АҚ
  • Жеке тасымалдаушылар: «Сұнқар 1» ЖШС, «Марал-Нұр» ЖШС, «Туран Экспресс» жолаушылар компаниясы» ЖШС, «Құнан Транс» ЖШС, «Arlan Trans Astana» ЖШС және басқалар.

Қоғамның Қазақстанның әрбір аумағында қызмет көрсетуге жағдай жасайтын құрылымы бар. Осы фактор жұмыстарды өзуақытылы орындауға, құралдарды тиімді пайдалануға және нәтижесіндегі өнімнің өз құнына, пайдасына және басқа экономикалық көрсеткіштерге әсерін тигізеді.

«Вагонсервис» АҚ 2010
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
e-mail: info@vagonservis.kz
  Сайт әзірлеуші
Hoster.KZ компаниясы