Нұр-Сұлтан:  

Аманбаев Ғ. С.

Аманбаев Ғалибек Советұлы
Бас директорының бірінші орынбасары

1999 жылы Алматы көлік және коммуникация колледжін «Вагондарға және рефрижераторлық жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету, жөндеу» мамандығы бойынша «Техник-электромеханик» біліктілігін, 2010 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша «Инженер-механик» біліктілігін алып   тәмамдады.

Еңбек өтілін 2000 жылы шілде айында «ҚТЖ» РМК-ның  – Алматы вагон депосы филиалында доңғалақ-роликті цехтың слесарі болып бастады.

2000 жылдың қыркүйек айынан 2001 жылдың сәуір айына дейін «ҚТЖ» РМК-ның – Ремвагон Аягөз вагон жөндеу депосы филиалында доңғалақ-роликті цехтың мастері болып жұмыс жасады.

2001 жылдың маусым айынан қазан айына дейін «ҚТЖ» РМК-ның – Екібастұз вагон депосы филиалында жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь болып жұмыс жасады.

2001 жылдың қазан айынан 2002 жылдың шілде айына дейін Павлодар вагон жөндеу депосында жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь болып жұмыс жасады.

2002 жылдың қыркүйек айынан 2003 жылдың наурыз айына дейін «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ – Астана вагон пайдалану депосы филиалында жалпы шаруашылық қызмет цехында бригадир, өндірістік-техникалық бөлімнің 1-санатты инженері қызметтерін атқарды.

2003 жылдың мамыр айынан 2004 жылдың қаңтар айына дейін «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ – Вагон шаруашылығының аймақтық филиалында ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші инженері, желілік бөлімнің 1-санатты инженер-технологы болып қызмет жасады.

2004 жылдың ақпан айынан 2008 жылдың мамыр айына дейін  «Қазтеміржолкөлік» АҚ-ның ОВП АВРЗ 1-санатты инженер-технологы, Вагон паркі департаменті жүк жылжымалы құрамының жедел бөлімінің бастығы (диспетчерлері), Вагон паркі департаментінің жедел бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

2008 жылдың мамыр айынан 2013 жылдың ақпан айына дейін «Қазтеміртранс» АҚ Алматы филиалының директоры болып қызмет атқарды.

2013 жылдың наурыз айынан 2015 жылдың қараша айына дейін «Қазтеміртранс» АҚ-ның Вагон паркі департаментінің жүк вагондарын жөндеуді ұйымдастыру бойынша функционалдық бағыттың 1-ші деңгейлі менеджері, Вагон паркін есепке алу департаментінің директоры, Техникалық саясат департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2015 жылдың қараша айынан 2018 жылдың желтоқсан айына дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ – Астана вагон пайдалану депосы филиалының директоры, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-ның Астана вагон пайдалану депосы филиалының бастығы қызметтерін атқарды.

2017 жылдың желтоқсан айынан 2018 жылдың желтоқсан айына дейін «Қазтеміртранс» АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы, Бас директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап «Вагонсервис» АҚ Бас директоры лауазымына тағайындалды.

2021 жылдың ақпанында ол «Вагонсервис» АҚ бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.