Канапин Кайрат Канжыгалиевич
Бас директорының бірінші орынбасары
2001 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Вагондар» мамандығы бойынша бітірген.
2013 жылы Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеу әдістемесі мен сатып алу мәселелері бойынша автоматтандырылған есептілік бойынша біліктілікті арттырудан өтті.
Еңбек жолын 2001 жылдың шілдесінде Ақмола вагон депосының тексеруші-жөндеушісі ретінде бастады.
2002 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың ақпанына дейін Ақмола вагон депосында аға тексеруші-жөндеуші болып жұмыс істеді.
2002 жылдың ақпанынан 2002 жылдың шілдесіне дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» ЖАҚ Вагондарды жөндеуді ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2002 жылдың қыркүйегінен 2004 жылдың ақпанына дейін Астана эксплуатациялық депосының тексеруші-жөндеушісі болып жұмыс істеді.
2004 жылдың ақпанынан 2005 жылдың наурызына дейін «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ Жылжымалы құрамды сақтау бөлімінің – Тасымалдауды басқару орталығының бас маманы болып жұмыс істеді.
2005 жылдың наурызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының Вагон шаруашылығы департаментінің техникалық бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2009 жылдың шілдесінен 2010 жылдың сәуіріне дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Техникалық бөлімінің сарапшысы болып жұмыс істеді.
2010 жылдың сәуірінен 2012 жылдың қарашасына дейін «Вагонсервис» АҚ Бас инженері болып жұмыс істеді.
2012 жылдың қарашасынан 2014 жылдың қаңтарына дейін «Вагонсервис» АҚ Сатып алу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2014 жылдың қаңтарынан 2017 жылдың ақпанына дейін «Лизингтік жолаушылар вагон компаниясы» Сатып алу және жабдықтау бөлімінің бастығы, Заң жұмыстары, сатып алу және жабдықтау бөлімінің бас маманы, бастығы болып жұмыс істеді.
2017 жылдың ақпанынан 2020 жылдың қаңтарына дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Инвестициялық жобалар және негізгі құралдарды күрделі жөндеу бөлімінің бас маманы, бастығы, Техникалық саясат департаментінің 1-деңгейлі менеджері болып жұмыс істеді.
2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың маусымына дейін «Астана-Теплотранзит» АҚ Бірінші ауданның жөндеу қызметінің бастығы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың маусымында «Вагонсервис» АҚ Бас директорының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.
2022 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін «Вагонсервис» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарады.