Астана: 7:14:49 2024.12.04

Нурекешов Д. Ш.

Нурекешов Данияр Шиналиевич

Бас директордың операциялар жөніндегі орынбасары

2001 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітірген. Мамандығы: Вагондар. Біліктілігі: инженер-механик.
2021 жылы Еңбек даулары. Келістіру комиссиясында еңбек дауын шешу тәртібі тақырыбы бойынша Келістіру комиссиясының мүшелеріне арналған Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасы бойынша біліктілікті арттырудан өтті.
Еңбек жолын 1996 жылдың шілдесінде Батыс Қазақстан теміржолы Арал станциясының вагон-депосының тексеруші-жөндеушісі, аға тексеруші ретінде бастады
1996 жылдың қазанынан 2000 жылдың қазанына дейін Қазалы вагон пайдалану депосының вагондарды тексеруші – жөндеушісі, аға тексерушісі болып жұмыс істеді.
2000 жылдың қазанынан 2002 жылдың ақпанына дейін Батыс Қазақстан теміржолы Арал станциясының вагон депосының тексеруші – жөндеушісі, аға тексерушісі болып жұмыс істеді.
2002 жылдың наурызынан 2003 жылдың қазанына дейін «Жолаушылар тасымалы» ЕМК Жолаушылар вагон шаруашылығы бойынша Ақмола өңірлік филиалында инженер-технолог болып жұмыс істеді.
2003 жылдың қазанынан 2005 жылдың наурызына дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Техникалық саясат басқармасы Өндірістік – техникалық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2005 жылдың наурызынан 2005 жылдың мамырына дейін «R&A» ЖШС коммерциялық директоры болып жұмыс істеді.
2005 жылдың мамырынан 2005 жылдың қарашасына дейін «DEA Group» ЖШС директоры болып жұмыс істеді.
2005 жылдың қарашасынан 2007 жылдың қазанына дейін «Вагонсервис» АҚ Өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы, Инвестициялық саясат және күрделі жөндеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2007 жылдың қазанынан 2007 жылдың қазанына дейін «Вагонсервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Қызылорда филиалында Бас инженер болып жұмыс істеді

2007 жылдың қазанынан 2009 жылдың қарашасына дейін «Вагонсервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Қызылорда филиалының директоры болып жұмыс істеді.
2009 жылдың желтоқсанынан 2010 жылдың мамырына дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметінің бастығы болып жұмыс істеді.
2010 жылдың мамырынан 2015 жылдың шілдесіне дейін «Лизингтік жолаушылар вагон компаниясы» АҚ Вице –президенті болып жұмыс істеді.
2015 жылдың шілдесінен 2016 жылдың қаңтарына дейін «Вагонсервис АҚ Бас инженері болып жұмыс істеді.
2016 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың тамызына дейін «Вагонсервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының директоры болып жұмыс істеді.
2018 жылдың тамызынан 2021 жылдың сәуіріне дейін «Вагонсервис» АҚ Пайдалану жөніндегі Вице-президентінің міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың сәуіріне дейін «Вагонсервис» АҚ Бас директорының операциялық мәселелер жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың қаңтарына дейін «Вагонсервис» АҚ Операциялық мәселелер жөніндегі атқарушы директоры болып жұмыс істеді.
2022 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Вагонсервис» АҚ Бас директорының операциялық мәселелер жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарады.