Әбілмәжінов Жанат Айтмағанбетұлы
Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
1999 жылы Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Кәсіпорындағы экономика және басқару (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Инженер-экономист» біліктілігін алып тәмамдаған. Қосымша М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша «Қатынас жолдарының инженер-құрылысшысы» біліктілігі бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң университеті «Құқықтану»мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы мамыр айында «Саржан» ПК бухгалтер ретінде бастаған.
1996 жылдан 1999 жылға дейін «ЖАН» ПК бас бухгалтер болып жұмыс істеді.
1999 жылдан 2001 жылға дейін «ҚТЖ» РМК – «Ремпуть» еншілес мемлекеттік кәсіпорнында жетекші экономист, бюджеттеу жөніндегі бас маман болып жұмыс атқарды.
2001 жылдың сәуірінен 2002 жылдың қаңтарына дейін «ҚТЖ ҰК» АҚ өндірістік және материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігі мен талдау бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2002 жылдың қаңтарынан 2004 жылдың мамырына дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалында талдау бөлімі бастығының орынбасары, күрделі жөндеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2004 жылдың мамырынан 2006 жылдың қарашасына дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ — «Ғылыми-өндірістік орталық» филиалында өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі менеджер, басқарма бастығының орынбасары, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
2007 жылдың шілде айынан 2008 жылдың ақпан айына дейін «Қамқор Жөндеу корпорациясы» ЖШС Өндірісті қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2008 жылдың ақпан айынан 2009 жылдың шілде айына дейін «Жеделстрой және К» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарды.
2009 жылдың шілде айынан 2010 жылдың сәуір айына дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы — Инфрақұрылымдық және инновациялық жобалар дирекциясы директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2010 жылдың сәуір айынан бастап «Вагонсервис» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті (Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары) қызметіне тағайындалды.