Нұр-Сұлтан:  

Аманбаев Ғ. С.

Аманбаев Ғалибек Советұлы
Басқарма төрағасы (Бас директор)

1999 жылы Алматы теміржол көлігі техникумын бітірген, мамандығы – вагондар біліктілігі – техник электромеханик.2010 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген, мамандығы – көліктегі тасымалдауды ұйымдастыру және басқару, біліктілігі – көлік инженері.

2021 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген, мамандығы – тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану, біліктілігі – қызмет көрсету саласындағы магистр.

2019 жылы «Адал еңбегі үшін» төс белгісімен 01.08.2019ж. №120-Ц бұйрығына сәйкес марапатталған.

2020 жылы «Түрксіб 90» төс белгісімен 20.08.2020ж. № ЦЗ-1-01/95 хаттамаға сәйкес марапатталған.

«Құрметті теміржолшы» белгісімен 01.08.2022ж. № 431-Ц бұйрығына сәйкес марапатталған.
Еңбек жолын 2000 жылдың шілдесінде «ҚТЖ» РМК – Алматы вагон депосы филиалының доңғалақты-роликті цехында 4-разрядты механикалық жабдықтар слесарі ретінде бастады.

2000 жылдың қыркүйегінен 2000 жылдың қазанына дейін «Ремвагон» ЕМК Аягөз ВЖД филиалының доңғалақты-роликті цех шебері болып жұмыс істеді.

2000 жылдың қазанынан 2001 жылдың сәуіріне дейін «Ремвагон» ЕМК Аягөз ВЖД филиалының доңғалақты – роликті цехтың шебері болып жұмыс істеді.

2001 жылдың маусымынан 2001 жылдың қазанына дейін «ҚТЖ» РМК – Екібастұз вагон депосы филиалының ұста – механикалық цехында 4 – разрядты жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь болып жұмыс істеді.

2001 жылдың қазанынан 2002 жылдың шілдесіне дейін Павлодар ВЖД доңғалақты – роликті цехында 4-разрядты жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь болып жұмыс істеді.

2002 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың наурызына дейін «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ – Астана эксплуатациялық филиалы – жалпы шаруашылық қызмет цехында бригадир болып жұмыс істеді.

2003 жылдың наурызынан 2003 жылдың мамырына дейін «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ – Астана пайдалану филиалының өндірістік-техникалық бөлімінде 1-санатты инженер болып жұмыс істеді.

2003 жылдың мамырынан 2003 жылдың маусымына дейін «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ – Вагон шаруашылығының орталық өңірлік филиалы Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші инженері болып жұмыс істеді.

2003 жылдың маусымынан 2004 жылдың қаңтарына дейін «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ – Вагон шаруашылығының орталық өңірлік филиалының желілік бөлімінде 1-санатты инженер-технолог болып жұмыс істеді.

2004 жылдың ақпанынан 2004 жылдың наурызына дейін «Қазтеміржолкөлік» АҚ Орталық филиалы – ОВП АВРЗ 1-санатты инженер-технолог болып жұмыс істеді.

2004 жылдың сәуірінен 2004 жылдың маусымына дейін «Қазтеміржолкөл» АҚ – Вагон паркі басқармасының жылжымалы жүк құрамы жедел бөлімінің (диспетчерлері) бастығы болып жұмыс істеді.

2004 жылдың маусымынан 2007 жылдың қаңтарына дейін «Қазтеміржолкөл» АҚ – Вагон паркі департаменті Жүк вагондарын жөндеуді ұйымдастыру басқармасының жылжымалы жүк құрамының жедел бөлімінің (диспетчерлері) бастығы болып жұмыс істеді.

2007 жылдың қаңтарынан 2008 жылдың мамырына дейін «Қазтеміржолкөл» АҚ – Вагон паркі орталығы филиалының Вагон паркі департаменті Жүк вагондарын жөндеуді ұйымдастыру басқармасының жедел бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2008 жылдың мамырынан 2013 жылдың ақпанына дейін «Қазтеміртранс» АҚ Алматы филиалының директоры болып жұмыс істеді.

2013 жылдың наурызынан 2013 жылдың қыркүйегіне дейін «Қазтеміртранс» АҚ – Вагон паркі департаментінің Жүк вагондарын жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет бағытының (1-деңгейлі) менеджері болып жұмыс істеді.

2013 жылдың қыркүйегінен 2015 жылдың қаңтарына дейін «Қазтеміртранс» АҚ Вагон паркін есепке алу департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2015 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың қарашасына дейін «Қазтеміртранс» АҚ Техникалық саясат департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2015 жылдың қарашасынан 2016 жылдың маусымына дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан темір жолы-Астана пайдалану вагон депосы филиалының директоры болып жұмыс істеді.

2016 жылдың шілдесінен 2017 жылдың желтоқсанына дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ – Жүк тасымалы филиалының Астана пайдалану вагон депосының бастығы болып жұмыс істеді.

2017 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың тамызына дейін «Қазтеміртранс» АҚ Вице – президентінің міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

2018 жылдың тамызынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін «Қазтеміртранс» АҚ Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2018 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың ақпанына дейін «Вагонсервис» АҚ Президенті, Бас директоры болып жұмыс істеді.

2021 жылдың ақпанынан 2022 жылдың қаңтарына дейін «Вагонсервис» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

2022 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Вагонсервис» АҚ Басқарма төрағасы (Бас директор) болып жұмыс атқарады.